$ 494.87  520.65  4.91

Оралда 3 рет көлік ұрлаған бала өзін қылмысқа кім итермелегенін айтты

Оралда 3 рет көлік ұрлаған 2-сынып оқушысы Коля өзін қылмысқа кім итермелегенін айтты деп жазады Мой ГОРОД.

Бұл іс кәмелетке толмағандар комиссиясының жиынында қаралды.

Жиында баланың ата-анасына қатаң ескерту жасалынды. Қылмыс тағы қайталанар болса, екеуі де ата-ана құқығынан айырылады.

Коля болса, бұл оқиғаға ата-анасының қатысы жоқ екенін айтып бақты. Оны бұл әрекетке өзінен 4 жас үлкен Никита есімді бала итермелеген көрінеді.

«Никита маған «көлікке отыр» деп өзі отырмады. Мен көлікті жүргізіп кеттім. Бұл әрекетімнің дұрыс емес екенін білемін. Екінші қайталанбайды», – деді ол.

Баланың әке-шешесі үш көлікке өтемақы ретінде 1 млн 400 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетейік, 8 жасар бала 6 тамыз күні бір, 9 тамыз күні екінші рет көлік ұрлап, жол апатын жасаған болатын. Ал үшінші рет Hyundai автокөлігін ұрлап айдап Штыбы көшесінің жөндеу учаскесінде орнатылған «бетон блоктарға» соғылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары