Мас күйінде көлік тізгіндеген 34 жастағы мектеп қызметкері бойжеткенді қағып өлтірді деп жазады Liter.kz.
Білім ошағының қызметкері жолда жолақтан өтпекші болған қызды қағып кетеді. Қатты соққыдан ауыр жарақат алған қыз оқиға орнында көз жұмған.
Ішімдікке сылқия тойып алған көлік жүргізушісі еш жерге жасырынбаған. Оны полиция қызметкерлері тез арада ұстады. Айыпталушы үш тәулікке изоляторға қамауға алынып, артынша кепілдікпен шығарылды.
Көлік жүргізушісі өз кінәсін мойнына алған. Марқұмның отбасына моральдық және материалдық шығынын төледі.
«Оған 2 жыл 6 ай жаза тағайындалды. Бес жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды», – деді Октябрь аудандық сотының судьясы.
Ендігіде мектеп қызметкері екі жарым жыл бойы Қарағандыдан басқа жерге шыға алмайды. Сондай-ақ, түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарына баруына тыйым салынған.