$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда грантқа түскен мектеп түлегін өлтіріп кетті

Бүгін Алматыда мектеп түлегін өлтіріп кетті. Марқұм «Ақсай» университеттік клиникасының бас дәрігер орынбасарының баласы болған деп жазады NUR.KZ.

Қайғылы оқиға жөнінде ҚазҰМУ білім ордасының ресми сайтында хабарланған. Университет өкілдері ұлынан айырылып қалған бас дәрігер орынбасарына қайғыра көңіл айтқан.

«Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ұжымы бас дәрігер орынбасары Ахашева Шахеризадаға ұлы Жануардың өліміне байланысты қайғыра көңіл айтады. Оны 14 тамыз күні өлтіріп кетті. Осы жазда ол мектепті тәмамдап, университетке түскен болатын.

Барлық ҚазҰМУ ұжымы марқұмның туыстарымен қоса қайғыруда», - деп жазылған университеттің ресми сайтында.

Қалалық ІІД оқиғаға қатысты мәлімдемені кейінірек жасайтындарын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары