15.08.2018, 06:04

«Тоқал сенің не теңің?»: «Бәйбіше» деп келіншегімен қалжыңдасқан Төреғалиді жұрт орнына қойды

Бәйбіше. Келіншегімен осылай қалжыңдасқан Төреғали Төреәліні жұрт жақтырмай қалды.

Төреғали Төреәлі Instagram-парақшасына келіншегімен түскен сурет жүктеп, «Бәйбіше» десем мына әпше, Намёк түсінбейді ғой вапше», – деп жазған.

Бұны оқыған тыңдармандары Төреғалиді жерден ап, жерге салды.

«Жап-жас келіншегің бар. Ұят емес пе мынауың?», «Төреғали, тоқал сенің не теңің? Төгілген абыройыңды жинап алсаңшы», «Әншілер әбден есіріп бітті. Біреуі оқушы қызды алады. Біреуі бала-шағасын тастап жас қыз алады. Қойсыңдаршы болды», – деп шуласты жұрт.

Айта кетейік, былтыр Павлодардағы концерттен кейін Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған.