$ 498.34  519.72  4.85

«Еріккен сарт ... уқалайды»: Аты дауға қалған Төреғали Төреәлі сотталуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

Аты дауға қалған Төреғали Төреәлі сотталуы мүмкін бе? Ұятқа қалған “Ұлы дала баласына” қатысты Еуразия арнасы тың деректермен бөлісті.

Өзінің 25 жасын атап өту үшін бүкіл Қазақстанды гастрольдік сапармен аралаймын деп, басы үлкен дауға іліккен әншіге қатысты жұрт түрлі пікір айтып жатыр.

“Ей, Қызылординец! Индюха, қара бері.”,– деген Төреғали.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде желдей ескен Төреғалидың бұл кеші Павлодарда өткен еді. Атышулы концертте елмен суретке түсе бермей, ән айтуды талап еткен қарияны әнші ақыры залдан қуып тынған.

“Еріккен сарт **** уқалайды” деген. Ұнамай ма, шығып кетіңіз бар! Сізге ешкім жалынып жатқан жоқ”, – деді Төреғали Төреәлі көрермен залындағы қарияға.  

Бұл аз десеңіз, қарияға шамасы жететіндігін білдіріп, жекпе-жекке шақырғандай болды.

Әлеуметтік желі, ақпарат құралдарында жаппай жария болған видеоға қатысты қазір түрлі пікірлер тарады. Көбісі даттап, әншіге «өркөкірек» деген тәрізді теңеулер жазып жатыр.

 «Төреғалидың киелі сахнадағы “сандырағы” мен одан кейінгі “кешірімі” естір құлаққа ерсі сөздерімен тұрпайыланып тұр. Өз басым, бұл баланың бойында өркөкіректік басым ба деген ойға келдім», – Ерлібай Өзбекбайұлы.

Ал заңгерлер болса, жәбірленуші жақ Төреғали Төреәлінің үстінен шағым түсіруге құқылы екенідігін айтады. Өйткені, оның ақсақалды концерттен қуып шығуға қақысы жоқ.

«Егер үстінен шағым-арыз түсіретін болса, қылмыстық жауапқа әнші тартылады. Тергеу амалдарының барысында егер тараптар татуласатын болса, 68-бап аясында іс қысқартылып, ақталуға құқы бар», – деді заңгер Еркебұлан Алпысбаев.

Дегенмен, әншінің өрескел қылықтарын жақтайтын әріптестері де табылды. Олардың айтуларынша, өнер адамдары бар жерде мұндай жайттар жиі кездеседі. Тіпті, провокация болуы да әбден мүмкін. Сондықтан кешірімді болуға шақырады.

«Мен өз басым қазір Төреғали ініміздің ішінен қалай қатты уайымдап отырғанын алыстан ақ сезіп отырмын! Иә, қателіктер болады. Мінсіз адам жоқ! Дегенмен , адам адамға кешірімді болу керек! Ол концертте отырған кісі де қателіктер жіберген шамасы», – деді әнші Бүркіт.

Ал, отандық радионың бірі әншінің әндерін эфирден алып тастады.

«Желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен «өнерінен» соң, радио ұжымы болып, әншінің барлық әндерін эфирден алып тастау туралы шешім қабылдағанымызды хабарлаймын!», – деді «OrdaFM» радиосының жеткшісі.

Демалыс күндері елдің назары жалғыз өзіне ауғанын білген әнші көп ұзамай кешірім сұрады.

«Үлкен кісіні, ағамызды қолымнан келгенше іздеп көрдім кешірім сұрау үшін. Таба алмадым», – деп әнші instagram-парақшасында тікелей эфирге шыққан.

Павлодар билігі болса, Төреғали Төрәлі үшін облыстағы бірқатар есік жабылғандығын хабарлады. Енді оның жуық арада бұл шаһарда кеш өткізуі бұлыңғырлау. Ал, ай басында ғана әншіні «Нұр Отанға» қабылдаған партия оны қатарынан шығара ма ол жағы беймәлім. Дегенмен, арнамыздан арнайы хат жолданды. Оның жауабымен бірер күнде бөлісетін боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары