$ 498.34  519.72  4.85

Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 362,18 теңгені құрады, деп хабарлайды KASE.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 1,3  теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 348,2 теңге, ал ең жоғарысы - 361,8 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 45,3 млн долларға жетті.

Сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 363,48 теңге, күндізгі сессияда 363 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 363,28 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 111,45 млн долларды құрады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары