$ 494.87  520.65  4.91

Атырау тұрғыны түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан қызына ұялы телефон бермекші болды

Атырау тұрғыны әйелдер түзеу мекемесіне ұялы телефон алып кірген деп жазады «Мой город».

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты бір ай бұрын түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан қызымен кездесу сәтінде оған ұялы телефон бермек болған әйелдің ісін қарады.

«Түзеу мекемесінің бөлмелерін тексеру кезінде жазасын өтеп жатқандардың бірінен  «Samsung Duos» маркалы ұялы телефоны табылды», – деді Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз хатшысы.

Сот түзеу мекемесіндегі қызына телефон берген әйелге әкімшілік ескерту жасады. Ал тәркіленіп алынған «Samsung Duos» маркалы ұялы телефоны мемлекет меншігіне берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары