15.08.2018, 06:48

«Үйіне алдап апарды»: 9-сыныпта жігітіне зорланған қыз оқиғасымен бөлісті

Оқушы кезінде жігітіне зорланған қыз бастан өткен оқиғасымен бөлісті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде жазған.

«Мен 9-сынып оқып жүргенде өзімнен 5 жас үлкен жігітпен қосылып қойдым. Қосылғанда ол мені үйіне алдап апарып сол жерде зорлап, пәктігімді алды. Сол уакыттан бастап ол жігітпен кездесіп қосылып жүрдім. 11-сынып бітірген соң ол жігіт мені үйіне келін етіп түсірді. Бәрі ойдағыдай болды, той өтті. Бірақ, біз бірге тұра алмадық. Жарты жылдан соң ажырасып кеттік. Ажырасуымыздың себебі - сол үйленбей жатып қосылып қойғаннан болды. Ұрыс та содан шығатын. Айтайын дегенім, қыздар ешқашан жігіттеріңмен үйленбей тұрып жатып қоймаңдар!», - деп жазды ол.