15.08.2018, 07:05

Алматы облысында құдықтан су шығармақ болған 3 адам қайтыс болды

Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан су шығармақ болған 3 адам қайтыс болды деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.

12 тамыз күні сағат 21:45-те құдықтан су шығарып жатқан 1993-1994 жылғы үш жас жігіт қайтыс болды. Олар тереңдігі 10 метрлік құдықтан су тарту кезінде көмірқышқыл газына уланған.