Ақтауда автокөліктің капотынан жылан шыққан. Осынау сәтті көлік жүргізушісі телефон камерасына түсіріп, видеоны желіге жүктеді деп жазады Lada.kz.
Бейнежазбада жыланның автокөліктің капотынан ыршып шыққаны көрінеді. Мамандардың айтуынша, жылан жылы жер іздеп көліктің капотына кірген.
«Судан шыққан жылан жылы жер іздеп, көліктің капотына кіріп кеткен болу керек. Автокөлік жүргізушісі суға жақын жерде болған. Бұл су жыландары адамға ешқандай зарар келтірмейді», – дейді Маңғыстау облыстық тарихи және өлкетану мұражайы табиғат бөлімінің маманы Людмила Быкова.