Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Парламенттің жоғары палатасының VI шақырылымы үшінші сессиясының негізгі қорытындылары мен алдағы сессияда қарастыратын заң жобалары жұмыстарының жоспары баяндалды.
«Алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарастыру жоспарланған. Үкімет көптеген заңнамалық бастамалар әзірлеп жатыр. Бізге солармен жұмыс жасау қажет. Сонымен қатар, бұған дейін қабылданған инфрақұрылымдық және индустриялық даму бағдарламаларын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз» , – деді Нұрсұлтан Назарбаев.