$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев Италия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бүгін Генуеде автомобиль көпірі құлап, 22 адамның қаза тапты. Одан бөлек 8 адам жарақаттанған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары