$ 447.4  477.55  4.76

Биыл оқушылар сабаққа 3 қыркүйектен бастап барады

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, оқу жылы 1 қыркүйек болып бекітілді. Оқушылар 2 қыркүйек демалып, 3 қыркүйек сабақ басталады деп жазады Sputniknews.kz

Бұған дейін ата-аналардың кез келген мектепті таңдау құқығына ие болғанын жазған едік.  Биыл да 5 күндік оқу жүйесі сақталады.  2018-2019 оқу жылында жаңа пән енгізілмейді.

Биылғы оқу жылының ұзақтығы 32-34 оқу апта. Мектеп алды сыныптарда — 32 апта, бірінші сыныптарда – 33 апта, екінші сыныптан 11-12 сыныпқа дейін  — 34 апта.

2018 жылдың 29 қазанынан 4 қарашасына (қоса алғанда) дейін күзгі демалыс,  2018 жылдың 31 желтоқсанынан 2019 жылдың 9 қаңтарына (қоса алғанда) дейін қысқы каникул.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары