Қостанай облысында тасжолда жол апаты боп, 2 ересек адам мен 1 бала жапа шекті деп жазады Alau.kz.
Жол апаты 11 тамыз күні Қостанай-Қарабұтақ тасжолында болған. 24 жастағы Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолға шығып кеткен.
«ВАЗ» автокөлігімен соқтығысты. 36 жастағы оның жүргізушісі мен 3 жолаушы зардап шекті. Араларында 8 жастағы бала бар», - деп хабарлайды облыстық ІІД.
Айта кетейік, 14 тамыз күні Рудныйда қайғылы жағдай болған. 39-дағы жүргізуші 9 жастағы қызды қағып өлтіріп, өзі Түркістанға қашып кеткен.