$ 494.87  520.65  4.91

Көмек керек! Алматыда 700 ерекше бала тегін емделетін мекеме жабылғалы тұр (ВИДЕО)

Алматыда ерекше балаларды тегін емдейтін орталыққа 4 миллион теңге қаржы қажет. Егер осы сома жиналмаса 700-ге жуық сәби қажетті емін ала алмайды деп мәлімдейді блогер Айдын Тоқсанбаева.

Жоспар бойынша бұл орталыққа қалталы азамат 4 миллион теңге беруге уәде еткен. Бірақ күтпеген жерден сөзінен айнып қалыпты. Енді мекемеге осы соманы табу үшін небәрі 2-ақ күн уақыт беріліп отыр.

«700 ерекше жан тегін емделетін жерден ертеңге дейін 3 миллион 307 мың 527 теңге таппаса, фонд @akzholm.talgar мына үйлерінен айырылып, бұрын енгізген 9 миллионынан да құр алақан қалады. Себебі сатып алуға 9 миллион xалықтан жиналған, ал соңғы 4 миллионын бір ауқатты жан төлеймін деп, уақыты тақалған кезде бас тартып отыр», – деген ол толық ақпаратты @janym_baklajanym парақшасында жазылғанын айтты.

Тоқсанбаева халықты дәл қазір мейлі 100, 1000 теңге болсын қаражат аударып, 700 сәбидің болашағына жол ашуға шақырды.

Kaspi Gold
5169 4931 3070 5398
ИИН 771229402317
Рушангуль Ибраимовна Тохтахунова

Сағыныш Назар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары