$ 446.49  475.38  4.79

«Екпеден бас тартатын ата-ана көп»: Алматыда 30 бала сарыаурудың А түріне шалдыққан

Алматыда екпе алмаған 30 бала сарыаурудың А түріне шалдыққан деп жазады ҚазАқпарат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз брифингі барысында белгілі болды.

«Алматыда екпеден бас тартатын ата-аналар өте көп. Екпе алмаған балалардың арасында ауыратындар жиі кездеседі. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта вирусты гепатитті 30 бала жұқтырған. Олардың барлығы екпе алмағандар», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау Департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

Жалпы алғанда 2-ге толмаған баласы бар ата-аналардың арасында екпеден бас тарту жиілеп келеді. Маманның айтуынша, қалада 55 көкжөтел ауруы тіркелген. Ауырғандардың 82%-ы екпеден бас тартқандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары