16.08.2018, 10:21

Қостанай облысында үйлену той кортежі жол апатына ұшырады

Рудный қаласынан шыққан жолда үйлену тойындағы автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды деп жазады Аlau.kz.

Полицейлердің айтуынша, 14 тамыз күні Рудный қаласынан шыға берісте көпірге жетпей «ВАЗ-2112» және «Мерседес» автокөліктері бір-бірімен соқтығысқан.

«Үйлену тойының кортежі жол ережелерін сақтамаған. Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шекпеді. Алайда, көліктерге зақым келген. Жол апаты бойынша полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде», – деді Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.