Астананың "Шанхай" базарының тұрағында екі адамды соққыға жыққан Оңтүстік Қазақстан олысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады сейсенбіде елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 тамызында дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша 27-жасар екі азамат арызданды.
"Зардап шегушілердің айтуынша, Астана-Шымкент бағытында жүретін жекеменшік автобус жүргізушісіне екі орынға ақша төлеп, содан кейін ақша бағасын жоғары деп есептегендіктен, одан ақшаны қайтарып беруді сұраған. Осыдан кейін екі арада кикілжің туындап, жүргізушінің танысы оларға жарақат келтірген", — делінген хабарламада.
Аталмыш факт бойынша РҚ ҚК-нің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталынып, соның шеңберінде тергеу амалдары жүргізіліп, дене жарақаттарын келтірген 19 жасар ОҚО тұрғыны ұсталып, тергеу жалғасуда.