Алматыда Абай мен Брусиловский көшелері қиылысында бағдаршам істен шығып, көлік апаты болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado Абай көшесімен батысқа қарай жол тартқан. Nissan Ekstrel Брусиловский көшесімен оңтүстікке бағыт алған. Екі көшенің қиылысында бағдаршам жұмыс істемей тұрған. Дəл осы жерде жолдары түйіскен қос көлік соқтығысқан. Nissan көлігі Toyota Prado-ны жанынан соғып, ол аунап қалды. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.