Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары пара алу кезінде ұсталды деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
«Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары ұсталды. Ол жеке компания өкілінен 100 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Бұл қаражат үшін әкімнің орынбасары Сәтпаев қаласында салынып жатқан жатақхана құрылысы жұмыстарының орындалғаны туралы құжаттарға қол қоюы тиіс болған. Аталған жатақханалар жақын маңда орналасқан елдімекен тұрғындарын көшіріп әкелу үшін салынып жатыр», - делінген аталған хабарламада.
Өзіне тағылған кінәні толықтай мойындағандықтан шенеунік қамауға алынбапты. Қолхатпен үйіне жіберілген.