$ 449.58  486.94  4.86

Ең кедей экс-президент зейнетақыдан бас тартты

Әлемдегі ең кедей президент атанған Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухика сенатордың зейнетақысынан бас тартты деп жазады The Telegraph.

Мухика 2010-2015 жылдары Уругвайдың президенті болды, кейін елдің Сенатына сайланды.

Мерзімі 2020 жылға дейін болса да, ол тамызда қызметінен босату туралы өтініш жазды. Экс-президент өз әрекетін «ұзақ жолдан шаршағанымен» түсіндірді. Сыншылардың пікірінше, ол президенттік сайлауға қатысу үшін сенаторлықтан кетті - Уругвайда мемлекет басшысын сайлау 2019 жылы өтеді.

 83 жастағы Мухика 14 жыл түрмеде отырған. Ол Монтевидео төңірегіндегі күтушісі жоқ, су тартылмаған жерде тұрады. Президент болып жүргенде ол президент сарайында тұрудан бас тартқан және еңбекақысының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған. Президент лауазымында жүрсе де оның атында тек автомобиль болған - 1987 жылғы Volkswagen Beetle.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары