$ 443.44  480.51  4.88

Солтүстік Қазақстанда күн бұзылады

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел ұйытқиды деп хабарлады Қазгидромет.

Өңірде 19 тамыз күні кешкісін күн бұзылады. Дабылды ескерту 20 тамызға дейін сақталады.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының қалған бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түседі, желдің екпіні – 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Бұдан бұрын жаңбыр мен бұршаққа байланысты дабылды ескерту 19-21 тамыз аралығында Ақмола облысы мен Астанада жарияланған еді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары