$ 439.4  473.54  4.76

Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі сатылымға шығарылды

Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі саналатын «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимаратының Б бөлігі сатылымға шығарылды. Сатылым gosreestr.kz электронды сауда алаңында 2018 жылдың 4 қыркүйегінде басталады.

Нысанның бастапқы құны 24 миллиард 83 миллион 228 мың теңге. Ғимаратты "ҚазМұнайГазСервис" ЖШС сатып жатыр.

Айта кетейік, 45 қабаттан (+2 техникалық қабат) тұратын ғимарат Қонаев көшесінің бойында орналасқан. Оның жалпы аумағы 100 923,7 шаршы метр. Нысанның нарықтағы бағасы 23,7 млрд теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары