«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы кепілге алынған балалар мен әйелдерді құлдыққа сатып жатыр. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының өкілі Зейнаб Бангура Bloomberg тілшілеріне берген сұхбатында мәлімдеген, деп жазады baq.kz
Бангураның айтуынша, сәуір айында ол Иракқа барған сапарында құлдардың бағалары көрсетілген қағазды қолға түсірген. "Қыздарды мұнай сатқандай сатады. Әр бойжеткенді бір емес, бірнеше еркек сатып ала алады. Кейде, содырлар кепілге алған балаларды өз отбасыларына қайта сатып жатады" дейді Бангура.
Оның айтуынша, 1 жас пен 9 жас аралығындағы ұл-қыздар 165 доллар тұрады, ал, 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер 124 доллар.
Кепілге алынғандарды алдымен лаңкестік ұйым мүшелері іріктеп алады. Артылып қалғандарын түр-тұлғасына, дене бітіміне қарап сатып жібереді екен.