Көпбалалы ана Юлия Ваймер 6 баласына мектепке киер киім таппай отыр. Жұбайы екеуінің тапқан табысы ішіп-жем мен жүрегі ауыратын баласының еміне кетеді екен. Ал мемлекеттің жәдемақысы оқу құралдарының өзіне де жетпейді дейді Орал тұрғыны.
«Биыл мектеп ауыстырып жатырмыз. Бұрынғысы сұр түс еді. Енді жаңа мектеп көк түсті форма талап етіп жатыр. Әр киім 7 мың теңге тұрады. Ал менің 8 баламның 6-ауы мектепке барады.
Мектептен көмек сұрадық. Бөлінген қаражат жетімдер, мүгедектерден артылмайды. Ал 8 балаға алатын 15 500 теңге оқу құралдарының өзіне жетпейді», - дейді ол.
Көпбалалы ана жұрттан қыздарына туфли, сарафан секілді қандай да заттай болсын көмек сұрап отыр. Ақшалай көмектессе тіптен жақсы болар еді дейді ол.
Юлия: 87769219910
Дереккөз: Уральская неделя