АҚШ-та 35 жастағы Прабх Рамамурти Spirit Airlines ұшағында жанында ұйықтап отырған жолаушыны шешіндіргені үшін жауапқа тартылмақ деп жазады Stan.kz.
Оқиға 2018 жылдың 3 қаңтарында Лас-Вегастан Детройт қаласына бағыт алған ұшақта орын алды. АҚШ-та жұмыс визасымен жүрген Үндістан азаматы ұшақта жанында отырған 22 жастағы қыздың шалбары мен жейдесінің түймесін ағытқан. Шетелдік азамат бұны әйелінің көзінше жасаған.
Бойжеткен оянғанда үндістандық азаматтың қолы іш киімінде тұрғанын айтты. Ал, әйелінің көзінше осындай азғындыққа барған ер адам жағдайды басқаша түсіндірді. Ол құқық қорғау органының қызметкерлеріне «қатты ұйықтап кеткенін» және қолын қайда қойғанын білмегенін айтты. Кейінірек ол өз сөзіне өзі қарсы шығып, жауабын өзгертті. Үндістан азаматы ұйықтап жатқан жолаушының іш киімін ойнап отырып шешкенін және қыздың көкірегін жейдесі арқылы ұстауы мүмкін екенін айтты.
Ұйықтап отырған 22 жастағы қызды шешіндірген ер адам тікұшақ Детройтқа қонған кезде қамауға алынды. Сот оны жыныстық қысым көрсеткені үшін кінәлі деп танып, жауапқа тартпақшы. Бойжеткенге азғындық көрсеткен ер адам енді өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.