Алматыда той кортежі жүргізушілеріне айыппұл салынды деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
«Шамамен сағат 17.00-де кезекшіден әл-Фараби даңғылында шығыс бағытта жол қозғалысы ережелерін бұзған той кортежі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл мәлімет патрульдік полицейлерге жолданды. Нәтижесінде кортеж қатысушылары ұсталды» , - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.
Тоғыз жүрізушіге қатысты 13 әкімшілік хаттама толтырылған.
Полицейлердің мәліметінше, кортежде Mercedes, Rolls Royce пен BMW көліктері болған.
Дереккөз: Tengrinews.kz