Могилев қаласында тұрғыны кір жуып жатып суға тұншығып өлді деп жазады Риа Новости.
Оқиға 15 тамыз күні Ленин ауданында болған. 45 жастағы әйел ваннада кір жуып жатып қайтыс боп кетті. Оны өлі күйінде тапқандар басының ваннаның ішінде жатқанын көрген.
Айта кетейік, жыл басынан бері Белоруссияда 282 адам суға батып қайтыс болған. Олардың 27-сі балалар.