Алматының орталық мешітінде Құрбан айт меркесіне орай ұлттық спорт түрінен сайыс өткізілді деп жазады almatysports.kz.
Бұл шара таңғы айт намазынан кейін 4500 адамның қатысуымен болған. Қатысушылар өздерін қошқар көтеру, қол күрес сынды ойындарда күштерін сынап көрді.
Сайысқа қатысып, жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтар мен 40 келі артатын қошқарға ие болды.
40 келі болатын екі қошқар жас палуандар Бауыржан Әбдіхайым мен Ильяс Жұмайға бұйырған. Олар қошқарларды 505-510 рет көтерді.
«Бұл сайысқа қатыссам ба, жоқ па деп көп ойландым. Өйткені жақын арада Ресейде жарыс бар. Бірақ 505 рет көтергенді көріп, қатысуға бел будым. Сөйтіп мен одан да асып 510 рет көтеріп өзім үшін рекорд орнаттым. Мен әркезде қарсыласымды жеңуге тырысатын адаммын, бүгін де ұтуға тырыстым. Егер ол қошқарды 600 рет көтерген болса, онда мен 605-ке дейін жеткізуге тырысатын едім», - дейді еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ильяс Жұмай.
Ильяс Жұмай екі ай бұрын осы бағдарламаның ашылуында осындай қошқарды 205 рет көтеріп ұтып алған болатын. Ол 8 жасынан бері еркін күреспен айналысып келеді. Сондай-ақ, небір халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорқап жүр.