Қарағандыда теміржол вагонына шығамын деп тоққа түскен 10 жастағы бала есін жимастан ауруханада көз жұмды. Денесінің 80 пайызы күйік шалып, өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан балаға дәрігерлер араша түсе алмады. Оның досы оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.
«Ол «жүр вагонға шығайық» дегенде мен қарсы болдым. Бірақ, ол сонда да өзім шығамын деп кетіп қалды. Ол вагонға шыққанда сары бірдеңе лап етті. Көзімді аша қалсам, ол жерде жатыр. Содан мен қорқып, үйге жүгіріп кеттім»,-дейді куәгер Рафаэль Шегебаев.
Тоқ соғып жерге құлаған бала сол жерде өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Баланы көрген ер адамдар оған жақындауға қорыққан. Теміржол маңы жергілікті балалардың сүйікті орны екені бәріне белгілі. Баланың қатты күйіп қалғанын көрген дәрігерлер оны вольт доғасы соққан деген ойда.
Қатты шошынып қалған бала не болғанын түсінбей, дәрігерлерге түсіндіре алмады. Алдын ала болжам бойынша, бала жүк пойызының вагонына шыққанда қатты тоқ соғып оны жерге бірақ ұшырған. Енді бұл оқиғаға қатысты «теміржол жолдарының қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.