Журналист есінен танып қалған сәт видеоға түсіп қалды – бұл уақытта тікелей эфир қосулы тұрған, қыздың сұрағына Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров жауап берген деп жазады Sputniknews.kz.
Оқиға «Россия-24» телеарнасының тікелей эфирінде болды. Журналист Дарья Козлова Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен сұхбаттасып тұрған. Ведомство басшысы сұраққа жауап берген соң оператор камераны қызға қарай бұрады. Осы сәтте ол есін жоғалтып жатқаны белгілі болды, қыз әңгімесін жалғастыруға тырысқанымен одан түк шықпады. Құлап бара жатқан журналисті қасында тұрған әріптестері ұстап қалды, оған Денис Мантуров та көмектесті. Осыдан кейін тікелей трансляция үзіліп, эфирге студиядағы жүргізуші шығады. Кейінірек қыздың жағдайы жақсарғаны белгілі болды деп хабарлады РИА новости ВГТРК холдингі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға «Армия-2018» халықаралық әскери-техникалық форумында жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар таныстырылып жатқан кезде болды.