Қырғызстандағы Ош облысының Гулбар ауылында мешіт өртеніп оранып, екі адам көз жұмды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің мәлімдеуінше, келеңсіз жағдай 23 тамыз күні таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сағат 7:50-де тілсіз жаудың бетін қайтарды.
Өрт салдарынан екі ер адам қаза тапқан. Олардың аты-жөні әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат