$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда туған бауырының жүрегіне пышақ сұққан ер азамат 9 жылға сотталды

Жәбірленуші жүрек тұсынан алған пышақ жарақатынан көз жұмған деп жазады Мой город.

Ағайынды екеу Көкарна ауылындағы үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасаған.

«Жұмыс арасында ағайындылар біраз тынығу үшін спирттік ішімдік ішкен. Дастархан басында екі туыс арасында жанжал туады. Сол кезде күдікті туған бауырының жүрек тұсына ас үй пышағын сұғып алған. Марқұм оқиға орнында қаза табады», – делінген баспасөз қызметінде.

Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша күдіктінің кінәлі екені анықталды.

«Сот кісі өлтіру ісі бойынша айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда, сот үкімі заң күшіне әлі енген жоқ», – деді Атырау облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары