$ 447.4  477.55  4.76

Әсет Исекешов Астанадағы мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға өсетінін айтты

Астана әкімі Әсет Исекешев елордадағы мұғалімнің орташа жалақысы қанша екенін айтты деп жазады Tengrinews.kz. 

Айта кетейік, бүгін Астанада педагогтердің жыл сайынғы жиыны өтіп жатыр.

«Зерттеу қорытындысы қаржыны тиімді бөлу нәтижесінде әрбір мектептің бюджеттен 20 пайыз ақшаны мұғалімнің жалақысына қоса алатынын көрсетті. Осылайша, бірнеше мектепті мысал ретінде келтірсек, былтыр ондағы мұғалімдердің орташа жалақысы 100 - 110 мың теңге болды. Ал жаңа оқу жылында үстеме ақшаны қоссақ, сондай-ақ, сыйлықақыларды қосатын болсақ, мұғалімнің орташа жалақысы 150 мың теңгеден асады», - деді Исекешев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары