$ 494.87  520.65  4.91

Шаруа қожалығының иесін өлтірді деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды

Алматы облысының полицейлері екі адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ауыл тұрғынын қамауға алды деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға кеше, 22 тамыз күні, Көксу ауданында болған. Таулы аймақтағы қыстақтардың біріндегі шаруа қожалығында қинап өлтіру белгілері бар 23 жастағы ер адам мен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіттері табылған.

Аса ауыр қылмысты осы шаруа қожалығының 31 жастағы жұмысшысы жасады деген күдікке ілініп отыр.

«Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу барысында факті бойынша жүргізілуі тиіс әрекеттер кешені толық іске асырылады. Оқиға орнында балта табылып, тәркіленді. Ол айғақ зат ретінде қылмыстық тергеу материалдарына тіркелді. Күдікті Көксу ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары