$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте жолға таласқан автобустар соқтығысты (ВИДЕО)

Шымкентте бір-бірімен жолға таласқан жолаушылар автобусы соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктер жарысқан көрінеді, артынша жолға сыймай соқтығысқан деп жазады TVK.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оқиға "Огонек" аялдамасынан шығар кезде болған. 47 мен 74-ші бағыттағы автобустардың жүргізушілері өзара жолды бөлісе алмапты. Куәгерлер айтқандай, 74-ші автобустың жүргізушісі екінші автобустан басып озбақ болған. Алайда, қапталдағы айнасымен қоғамдық көліктің терезесін сындырған.

Қос автобуста да ондаған жолаушы болған. Абырой болғанда, олардың ешбірі жарақат алмады. Тек 47-ші автобусқа материалдық шығын келген. Жол көлік оқиғасы салдарынан аталған көшеде 3 сағаттай кептеліс болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары