$ 441.58  480  4.86

БҚО-да көлік аударылып, 2 адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көлік аударылып, салдарынан екі адам қайтыс болды деп жазады Қазақпарат.

Оқиға 22 тамыз күні Қаратөбе ауданында орын алған. Аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақовтың сөзіне қарағанда, сағат 21.30 шамасында Қаратөбе-Сулыкөл жолының 27-шақырымында Соналы ауылының тұсында «Renault Duster» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмауы салдарынан аударылуға жол берген. 

Соның салдарынан көлікте болған екі адам қаза тапты. Оның бірі Соналы, екіншісі - Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана ауылының тұрғыны. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, биылғы алты айдағы көрсеткіштер бойынша өңірде жол апатынан қаза тапқандар саны көбейіп отыр. БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының саны 20,5 пайызға (156-дан 124-ке), соның салдарынан жарақат алғандар 27,2 пайызға (195-тен 142-ге) азайғанымен, қаза тапқандар 61,5 пайызға (26-дан 42-ге) өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары