$ 449.58  486.94  4.86

Оралда 13 жастағы бала 4-қабаттан құлап кетіп тірі қалды

Оралда көпқабатты үйлердің бірінен 13 жасар жеткіншек байқаусызда құлап кетті. Төртінші қабаттың балконынан құлаған бозбаланы ауруханаға алып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ. 

Мектеп оқушысы өзі тұратын бесінші қабаттан төменге түспек болған.

"23 тамыз күні жедел жәрдем шақыртылды. Бала балконнан құлап кеткен. Ол қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, кейін балалар бөліміне ауыстырылды", - деді БҚО денсаулық сақтау бөлімінің хатшысы Айнагүл Сақпұсынова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары