$ 498.34  519.72  4.85

Семейде 3 баланың анасы жоғалып кетті

Семейде полицейлер мен ерікті азаматтар үш баланың анасын іздестіріп жатыр. Динара Әубәкірова 20 тамыз күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған деп жазады Устинка LIVE.

Еріктілердің хабарлауынша, Динара 20 тамыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында Нахаловка деп аталатын ауылынан шығып кеткен. Өзімен бірге ол телефонын немесе жеке құжаттарын алып шықпаған.

Оның ерекше белгілері: бойы шамамен 170 см, шашы қара. Маңдайының оң жақ бөлігінде тыртық бар. Жоғалатын күні үстінде ақ жейде, ашық қоңыр түсті шалбар болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары