$ 444.22  476.38  4.82

48 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында рейстік автобус жол апатына ұшырады.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, ішінде 48 жолаушы бар көлік Таскескен-Бахты тас жолында жол шетіне құлап кеткен. Апат салдарынан әртүрлі жарақат алған 11 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оқыс оқиға орын алған жерде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасап, жол апатының не себепті болғандығын анықтауда.

 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары