$ 494.87  520.65  4.91

Qazaq Air қашан ұшады?

Qazaq Air әуе компаниясы эксплуатант куәлігіне ие болды, бұл құжат әуе тасымалдарын жүргізуге жол ашады, - деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Qazaq Air таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Ол кезде Qazaq Air компаниясының бірінші борты көрсетілді - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.  

Qazaq Air әуе компаниясының бағыттар желісі 12 маршруттан тұрады, олардың басым бөлігі Қазақстан өңірлері арасында қонбай ұшырылатындар.

Айта кетейік, әуе компаниясының алғашқы ұшырылымы рұқсат беру туралы құжаттардың жоқтығынан кейінге қалған болатын. Таныстырылым кезінде Qazaq Air борттары 20 шілдеден бастап ұша бастайды деп мәлімделген еді, алайда кейін ол тамызға қалды. Әуе компаниясының тұңғыш рейсі Алматыдан Павлодарға болады деп жоспарланып отыр.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары