25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте өтетін мектеп жәрмеңкесінде елорда тұрғындары мен қонақтарда кеңсе және мектеп керек-жарақтарын төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік пайда болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық әкімдіктің алдындағы қалалық алаңда 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте жаңа оқу жылының басында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушыларың нарық бағаларынан төмен мамандандырылған сатылымы өтеді.
Жәрмеңкеге «ПИК» Astana Ютария Ltd» ЖШС тігін фабрикасы, ИП Сокирко С.Н. «Sens Fashion» атты сауда маркасымен тігін фабрикасы, Шымкент қ. «Алтын Адам» тігін фабрикасы, «ДАНМАРД» ЖШС (тігін, шұлық бұйымдарын өндіру, шеврон цехы және металл бұйымдар дүкені) деген және т.б. отандық өндірушілер, мектеп тауарлары мен шұлық киімдерінің көтерме сатушылары қатысады.
Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11, мекен-жайындағы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан 557403 тел. арқылы алуға болады.