$ 498.34  519.72  4.85

Қостанайда мектеп оқушысы 9-шы қабатан құлап өлді

Қостанайдағы Орталық базар аумағындағы Алтынсарин көшесі 131-ші үйде бүгін қайғылы жағдай болды. Көпқабатты ғимараттың 9-қабатынан 14 жасар бала құлап қайтыс болды деп жазады Kstnews.kz.

Сағат 12:00 шамасында оқиға орнына куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Құлаған бала сол үйде тұрады екен. Оны дәрігерлер облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

Жедел жәрдем көлігі мен ауруханада дәрігерлер баланың өмірі үшін арпалысқанымен оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Ауруханаға жете ол көз жұмыпты. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий мәлімдеді. Ақпаратты Төтенже жағдайлар департаменті де растап отыр.

- Мен аялдамада тұрғанмын, құлаған заттың дауысын естідім. Артынша барлығы балаға қарай жүгірді. Дереу жедел жәрдем келді. Анасы болу керек, бір әйел қатты жылап жүрді, жедел жәрдем көлігіне отырғызуды сұрады. Бірақ, оған бір ер адам мен жас қыз келіп, сабырға шақырды. Өте қорқынышты көрініс, - дейді куәгерлердің бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары