$ 439.43  473.31  4.82

Айгүл Мүкей және басқа да танымал тележүргізушілер «Хабар» арнасына қайта оралады

Көпшілікке танымал білікті телеарна жұлдыздары жақын күндері көгілдір экранға қайта оралатын болады. Бұл туралы «Хабар» арнасы хабарлады.

Көрермен қауымның көзайымына айналған Зейін Әліпбек, Айгүл Мүкей, Гауһар Керімова, сондай-ақ Марат Мұхамедсалиев сынды тележүргізушілер жаңа маусымда көрермендерімен эфирде қайта қауышады.

«Хабар» арнасының эфиріне қайта оралған Айгүл Мүкей 3 қыркүйектен бастап «Давайте говорить» қоғамдық-әлеуметтік бағдарламасын жүргізетін болады. Көрермендермен қайта қауышқан танымал тележүргізуші бұл жолы халықты толғантып, қоғамды мазалаған көптеген мәселелерді көтеріп, сөз қозғамақ.

Ал, қалған білікті тележүргізушілеріміз Зейін Әліпбек, Марат Мұхамедсалиев, сондай-ақ Гауһар Керімова бұрынғыша жаңалықтарды хабарлап, қызметтерін жалғастыратын болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары