$ 494.87  520.65  4.91

Болгарияда туристер автобусы аударылып, 16 адам қаза тапты

Болгарияда  сенбіде Своге қаласына таяу маңда  50  жолаушы мінген туристік автобус аударылып, 16 адам қаза тапты. 5 адамның жағдайы аса ауыр деп хабарлайды ТАСС.

Елдің ішкі істер министрі Валентин Радевтің айтуынша, келеңсіз жағдайдың егжей-тегжей әзірге анық емес. Бұдан бұрын Болгария денсаулық сақтау министрі Кирил Ананиев оқиға орнында 13 адамның мерт болғанын, тағы екі жолаушының ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмғанын мәлім еткен еді. 

Келеңсіз жағдай Своге қаласына таяу жерде жергілікті уақытпен  17:00-де болған.  Световрачена елді мекенінің зейнеткер клубының мүшелері мінген автобус жүргізушісі  нөсер жаңбыр мен көру мүмкіндігінің шектелуі салдарынан үш жеңіл автомобильмен соқтығысып, жол қоршауын қирата биіктігі 20 метрлік тік жардан  құлаған.  

Дерек: ҚазАқпарат

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары