$ 449.58  486.94  4.86

Көкшетауда ер адам футболкасын өртеп, ұстарамен білегін тілгіледі – ІІМ өкілдері түсінік берді

Көкшетау вокзалында болған оқиғаға қатысты ІІМ өкілдері түсінік берді деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Көкшетау вокзалында болған оқиғаның видеосын куәгерлер редакциямызға жолдады. Кадрдан жартылай жалаңаш ер адамды көруге болады, ол полицейлерге сес көрсетіп, жақындаса тамырын кесетінін айтты. Роликтің соңында ер адам ұсталды.

ҚР ІІМ ресми өкілінің хабарлауынша, оқиға 21 тамызда Көкшетау қаласындағы темір жол вокзалының холында болған.

«Бұған дейін сотталған, тұрғылықты жері жоқ ер адам мас күйде үстіндегі футболкасын өртеп, бірден сөндіріп тастады, осыдан кейін ұстарамен білегін тілгіледі. Оған медициналық көмек көрсетіліп, босатылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Сәдубаев.

Дереккөз: Тengrinews.kz


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары