$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Азиада ойындарында 5-ші алтынын қоржынына салды

Қазақстандық Руслан Исраилов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында джиу-джитсудан ерлер арасында 77 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Нұрсұлтан Алимкуловтан (Қырғызстан) басым түсті.

Қазақстан спортшысы финалға дейін Мохаммед Мансурды (Иран), Хамза әл-Рашидті (Иордания), Аязбек Мустаковты (Қырғызстан), Эркбаяр Ваткияхты (Моңғолия) жеңген.

«Финалдағы қарсыласымнан басында жеңіліп жатып, жеңдім. Ыңғайсыз қарсылас. Екеуміз бұрын Алматыда бір залда жаттыққан едік. Бұрын бір жарыста кездесіп, [Нұрсұлтан Әлімқұловты] жеңгенмін», - деді Исраилов кездесуден кейін Азаттыққа.

Бұл - Қазақстан джиу-джитсудан Азия ойындарында алған екінші алтыны. 25 тамыз Дархан Нортаев 62 келіде чемпион атанған.

Қазір Қазақстан 5 алтын, 7 күміс, 27 қоламен жалпы есепте 11-орында тұр. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары