$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысында ірі жол апатынан Мәдениет басқармасының басшысы мен оның отбасы түгел қайтыс болды

Павлодар облысы Аққулы ауданына қарасты Черное ауылынан шыға беріс трассада жеңіл автокөлік жүк көлігіне соқтығысып, 4 адам қайтыс болды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген деп жазады pavlodarnews.kz.

Жеңіл автокөлікте облыстық Мәдениет басқармасының 37 жастағы басшысы Ардақ Райымбеков пен әйелі және үш жасар ұлы, сондай-ақ, 53 жастағы әйел болған. Барлығы да қайтыс болған.

Жол апатынан 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел адам жарақа алып, ауданның орталық ауруханасына жеткізілді.

Бұл ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растап отыр. Марқұм кезекті еңбек демалысында болған екен.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің таратқан ақпаратына сенсек, оқиға орнына шақырту түнгі 00:14-те келіп түскен. Алғаш болып апат болған жерге Черное, Новоямышево және Аққу ауылдарының дәрігерлері жетіпті.

Қазір бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция жол апатына кімнің кінәлі екенін анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары