$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында әйел тірідей өртеніп кетті

Қостанай ауданындағы «Мелиоратор» саяжай қоғамы аумағында орналасқан үйлердің бірі өртеніп, ішіндегі әйел тірідей жанып кетті деп жазады  ng.kz.

«Жалын 40 шаршы метр аймаққа жайылған. Сағат таңғы 05.15-те өрт сөндіру басталып, 06.20-да аяқталды. Өрт болған жерден денесі күйіп кеткен 1985 жылғы әйелдің мәйіті табылды», - деді Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Жылыту пешін жағуда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу өрттің шығуына себеп болған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары