ҚР СІМ Түркиядағы ірі жол апатына қатысты түсінік берді.
«Ү.ж. 6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристтік автобус жол-көлік апатына ұшырады. Алдынала ақпаратқа сәйкес, автобуста біздің 7 азаматымыз болған (Тұрғанбекова Шолпан, 22.08.1989 ж.т., Тұрғанбекова Тоғжан, 25.04.1993 ж.т., Тлеубаева Айдын, 14.07.1999 ж.т., Тлеубаев Азамат, 25.05.1992 ж.т., Тлеубаева Гульнара, 04.01.1966 ж.т., Цолоева Зарина, 05.11.1993 ж.т., Аида Сарабаева, 21.09.1996 ж.т.). А.Сарабаевадан басқаларының барлығы Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. А.Сарабаеваның қай жерде екендігі және жағдайы анықталуда», — делінген хабарламада.
Жол-көлік апатының себептері анықталып жатыр, автобус жүргізушісі ұсталды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
«Біздің азаматтарымызға қатысты жағдай ҚР Түркиядаға Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған. Консулдық бөлім қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен тұрақты байланыс орнатқан. ҚР Денизли қаласындағы Құрметті консулы қажетті жедел көмек көрсетуде. Жаңа ақпарат келіп түскен жағдайда Министрлік қосымша хабарлайтын болады», - делінген хабарламада.